Ақтөбе қаласы Орталық саябақта «Көрісу күні» мерекесіне орай, салтанатты шара өткізілді. Бұл шарада «Халықтық ұжым» «Гүлдер-Айым» би ансамблінің мың бұралған бишілері сахна сәнін келтіріп, өз өнерлерін көрсетті.
Көркемдік жетекшісі : Шолпан Айнабекова

     13 наурыз күні, III Республикалық «Umit» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Umit-2022» III Республикалық байқауына «Мәдениет және саз» бөлімінің ОД -105 тобының студенті Кеңшілік Алмагүл «Көркем сөз» жанры бойынша қатысып, байқау қорытындысы бойынша жүлделі II Дәрежелі лауреат атанды және жетекшісі Қуанышова Зибагүл Әбішқызы «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Мұхтар Жақсылықтың «Байғұс бала» шығармасын тыңдарманның жүрегіне жеткізе білген өнерпазымызды жетістігімен құттықтап, алдағы уақытты биікті бағындыратын, қазақтың қара сөзі мен өлеңінің майын тамылжытқан шабытты шақтарының куәсі болуды тілейміз

   Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында қалалық көркемсурет лицейі-клуб ЮНЕСКО-ның педагогі, суретші, ши тоқу шебері Таженова Лэйла Мырзалиевнамен "Өнерлі істе жеміс бар" атты шеберлік сағатына жатақханадағы "Шебер қолдар" үйірмесінің студенттері белсене қатысты.

Ағымдағы жылдың 11 наурыз күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагог-психологтарға арналған әдістемелік күн аясында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде колледж психологтары А.Е.Сатаева, Н.Е.Жармұханбеттің ұйымдастыруымен "Кәсіптік өсу. Тәжірибе. Нәтиже" тақырыбында мастер-класс өтті.

Мастер-класс барысында колледж психологы Айгүл Ермекқызы студенттерге психологиялық-әлеуметтік қолдаудың жүру барысы туралы айтылып, әдістемелердің жүргізілу барысы талқыланды.

Колледж психологы Н.Е.Жармұханбет психологиялық әдістемелерді онлайн Google-форма жүйесінде алу жолдары туралы айтты.

Мастер-класс барысында психологиялық ойын-жаттығу, релаксация, қатысқан колледж психологтарынан шара бойынша кері байланыс алынды.

Әдістемелік күн аясында іс-тәжірибемен бөліскені үшін колледж психологы А.Е.Сатаева Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы алғыс хатымен марапатталды.

Ұсыныс ретінде жоспар бойынша жиі өткізу керектігі айтылды.

     11.03.2022 ж. күні информатика пәнінің оқытушылары А.М.Майлышева мен А.С.Мангибаеваның жетекшік етуімен цифрлық сауаттылықты арттыру, болашақ мұғалімдерге әдістемелік көмек беру мақсатында құрылған “MofT” педагогикалық шеберханасының ашылуы өтті. “Сұранысқа сай ұстаз: жаңа білім мазмұнына жаңашыл көзқарас” тақырыбындағы шебер-класта педагогикалық шеберхананың мақсаты, бағыты және мүшелері таныстырылды. Шебер-кластың практикалық бөлімінде өткізілген сабақтарда “Сенім-құдіретті күш, тауды да қозғайды” ұстанымымен жұмыс жасайтын 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығы 0111063 «Математика мұғалімі» біліктілігі бойынша білім алып жатырған Мк-305, Мк-215 топ студенттері Ж.Қайдасов, Г.Нургалиева, М.Алдекова “Canva”, “Quizizz”, “Pear deck”, “Kahoot”, “Mentimeter”, “Google Forms”, “Word Wall” “Telegram bot”, “ Instagram”, “Lucidchark” платформалардың, мобильді қосымшалардың мүмкіншіліктерін көрсете білді.

 

Бейсенбі, 10 Наурыз 2022 09:30

Ұрпақ саулығы-ұлт болашағы

     Колледждің оқу топтарында "Ұрпақ саулығы-ұлт болашағы" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге колледж инспекторы Конусова Айжан Кеңескызы қатысты. Кездесу барысында құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары, жасөспірімнің құқықтары мен міндеттері туралы айтылды. Сонымен қатар, колледж психологтары вейб электронды шылым туралы бейнеролик көрсетіп, адам өміріне зияны туралы талқыланды.

Сенбі, 05 Наурыз 2022 10:25

Мерекелеріңізбен, арулар!

Мерекелеріңізбен, арулар!
Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өткізілді. "Мәдениет және саз" бөлімінің өнерпаз оқытушылары мен студенттері ұжымға әсем ән мен күй ұсынып, мың бұралған бишілер сахна сәнін келтірді. Құрметті арулар, көктем мерекесімен мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, толағай табыс тілейміз!

    

 

Қымбатты әріптестер, студенттер және ата-аналар!

Баршаңызды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Әр отбасының береке-бірлігін қалыптастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатқан Сіздерге шынайы ризашылық сезімімді білдіремін.

Игі тілекпен Ақтөбе гуманитарлық колледжі директоры Алишева Жанара Куандыковна

     04.03.2022ж Ақтөбе гуманитарлық колледжі мерекелік тарту ретінде Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне барып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды. Колледжге ұжымы жылы қарсы алып,
Колледж директоры Е. Ғ. Нұрғалиев Актөбе колледжі ұжымына өзінің ризашылығын білдіріп,студенттерге өнер жолында биік белестерді бағындыра берулеріне тілегін білдірді.

    

 

     25 ақпан күні “Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры” Қоғамдық қоры меморандум аясында “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы “Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты мен “Самғау” Республикалық ғылыми - әдістемелік орталығның ұйымдастыруымен өткен “Үздік ашық сабақ” атты Халықаралық педагогикалық байқау қорытындысы бойынша “Мектепке дейінгі тәрбие” бөлімінің оқытушысы Шангалаева Рабига “Кемеңгер ұстаз” төсбелгімен және “Бас жүлдемен” марапатталады. Кәсіби еңбегіңізге шығармашылық ізденіс пен табыс тілейміз!

     Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтеріне арналған "Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі тақырыбындағы съезге «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің оқытушысы Шангалаева Рабига «Мектепке дейінгі жаңартылған білім беру» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Әріптесімізге шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін,сәттілік тілейміз!

☑️Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Орынбасар бастаған жұмыс тобы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жатақханасына келіп, студенттермен кездесті.
Топтың құрамында облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы және «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы болды.
Кездесу барысында жұмыс тобы жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерімен, маңызды мәселелерді шешу үшін студенттердің әлеуметтік белсенділігімен және тұрмыс-тіршілігімен танысты.
Сонымен қатар жатақханадағы студенттерге арналған материалдық-техникалық базасына шолу жасап, бірқатар ұсыныстар айтты.
✔️Бұдан өзге, жатақхана студенттеріне арналып жабдықталған компьютерлік кабинетімен, шеберхана бөлмесімен танысты.
Кейін жатақхананың акт залында жастармен еркін форматта жүздесе отырып, жастарға арналған әкім стипендиясы, мемлекеттік гранттар, т.б. көрсетіліп жатқан қолдау шаралары жөнінде ақпарат берді. Жастардың қоғамдық жұмыстарға, еріктілікке байланысты қызығушылықтарына орай "Жас сақшы" жастар жасағы, дебат клубтары, еріктілік бағытындағы топтар жайлы ақпарат берілді. Кездесу соңында студенттер өз ұсыныстарымен бөлісті.

  

Page 1 of 42
  • Фоменко Елизавета
    Мд-201

  • Нағашыбаева Жаңагүл
    Бк-315

  • Сапарғали Мерует
    Мк-205

  • Сақабаева Аяулым
    Ктх-305

  • Сафарғали Айкөркем
    Мк-305

  • Нұрғалиева Ақбота
    Ктх-205

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс