Психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері:
- Білім беру мекемесінде психологиялық ахуалды қалыптастыра отырып, студенттердің психологиялық даму үдерісін басқару;
- Студенттердің дамуындағы мәселені шешуге психологиялық көмек көрсету;
- Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;
- Білім беру ортасында студенттердің оқу, тәрбие және даму үдерістеріне кеңес беру және психологиялық қолдау көрсету;
- Педагогикалық үрдіске қатынасушылардың арасындағы өзара қарым-қатынас стилін реттеу;
- Қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға үйретуде мінез-құлық мәдениетіне тәрбиелей отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарының негізін қалау.
Психологиялық қызметтің бағыттары:
І. Психологиялық алдын алу – педагогтарды, ата-аналарды, студенттерді психологиялық біліктілікке баулу.
ІІ. Психологиялық диагностика – жеке тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, тұлғааралық қарым-қатынасын зерттеу.
III. Психологиялық түзету – студенттердің жеке тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқуларынан арылу, түрлі жағымды іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.
ІV. Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсету.
ІV. Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған мәселелерді шешуге көмек көрсету.
Жоспар бойынша студенттермен психодиагностикалық зерттеулер келесідей ретпен жүргізіледі:
- «Социометрия» әдісі – топ ішіндегі жеке қатынастарды зерттеу, жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтау.
- «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу » бағдарламасы - 1 курс студенттеріне сауалнама жүргізу.
- «Бек» когнитивтік терапиясы – студенттердің депрессия деңгейін зерттеу.
- «Спилберг» әдістемесі – мазасыздық деңгейін зерттеу.
Проективті әдістер:
- Р. Бернстің “Автопортрет” әдістемесі – тұлғаның қасиетін анықтау.
- “Әлемде жоқ жануар” әдістемесі – зерттелушінің мазасыздануын анықтау.
- “Үй. Ағаш. Адам” әдістемесі – өзіндік қатынас сипаттамасы ретінде жеткіншектердің эмоциялық көңіл-күйінің ерекшеліктерін анықтау.
- «Кактус» әдістемесі – студенттің эмоционалдық жағдайын анықтау.