Колледждің арнайы пәндер оқытушысы  Каргабаева Айгуль Бакытбековна Жамбыл облысы, Тараз қаласында өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы мәдениет және өнер саласы бойынша кәсіби шеберліктің «Аспаптық орындау» (домбыра) бөлімінен республикалық конкурсқа қатысты.  Конкурс төрт модуль бойынша өткізілді: классикалық шығарманы орындау, қазақстандық орындаушылардың шығармаларын орындау (дәстүрлі және халықтық), зстрадалық жанрдағы шығармаларды орындау, авторлық шығарма немесе аранжировка. Конкурс нәтижесінде «Ұлттық дәстүрлерлі сақтағаны  үшін» номинациясын иеленіп алғыс хатпен марапатталды. Колледж әкімшілігі және ұжымы атынан Айгуль Бакытбековнаны құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық  табыс  тілейміз.

  

     Колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы,  педагогика ғылымдарының магистрі Картанова Айнұр Әбдіхалыққызы ​«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысты.  Бұл конкурс «Елдегі этностардың мемлекеттік тілді үйренуінің тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 355 бірлескен бұйрығы негізінде ұйымдастырылды. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқытудың үздік авторлық әдістемесі» облыстық конкурсында жеңімпаз атанып,  республикалық кезеңге жолдама алған әріптесіміз Айнұр Әбдіхалыққызын  құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық  табыс  тілейміз.

 

     Батыс Қазақстан облысы би спорты федерациясының шақыруымен 2021 жылғы 20 қарашада Орал қаласында өткен «Танцы без границ» атты би байқауына колледжден көркемдік жетекші және балетмейстер Ш.Айнабекованың жетекшілігімен «Халықтық ұжым» «Гүлдер - Айым» қазақ би ансамблі қатысып, жүлделі үш «Бірінші» орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз!!!

  

 

     2021 жылғы 20 қарашада Ақтөбе облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіз елдің жастары» тақырыбындағы облыстық пікірсайыс өтті. Облыстық турнир қорытындысы бойынша қатысқан 40 фракцияның ішінен колледждің "Жаңа ғасыр" дебат клубының ойыншылары Кт-205 топ студенті Бекжанова Томирис пен Жасұланқызы Назерке I орынға ие болып, "Облыстық дебат турнирі" кубогын жеңіп алды. Сонымен бірге "Градиент" дебат клубы ойыншысы Бк-401 топ студенті Буреш Елена "Үздік төреші", Бк-301 топ студенті Султангалиева Гулим "Үздік спикер" атағын жеңіп алды. Құттықтаймыз! Құрметті жеңімпаздар және турнирге қатысушылар, әрқашан ойларыңыз озық болып, жүзден жүйрік бола беріңіздер!
#АқтөбеҰшқыройалаңы

 

     Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы Курманбекова Айгуль Беркиновна нақты пәндер бойынша оқытудың инновациялық әдістерін ұсыну мақсатында Mashav (МАШАВ) –Израиль халықаралық агенттігінің "Педагогикалық инновациялар" курсына байқаудан өтті. Бұл байқаудың мақсаты - Білім беру жүйесіндегі инновациялар, қарым-қатынас, ынтымақтастық және топтық жұмыс үшін оқу құралдарын жасау,инновациялық педагогикалық білім беру құралдарымен қамтамасыз ету, нтеграцияны XXI ғасырдағы білім беруге енгізуді қолдау болып табылады. . Колледж әкімшілігі және ұжымы атынан Айгуль Беркиновнаны құттықтай отырып, шығармашылық табыс тілейміз.

Пятница, 19 ноября 2021 10:10

«Talanttar Alemi 2021»

19 қараша күні «Talanttar Alemi 2021» Халықаралық шығармашылық көпжанрлы байқау-фестивалі қорытындысы бойынша хор жетекшісі Мербол Оразбекұлы және хормейстер Жұлдыз Жангелдіқызының жетекшілігімен СБ-215 топ студенттері «Хор өнері» номинациясы бойынша жүлделі I орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!

Четверг, 18 ноября 2021 15:00

"Ретро party"

     2021 жылғы 18 қараша күні Халықаралық студенттер күніне орай "Мәдениет және саз бөлімі" ОД-305 тобының ұйымдастыруымен бөлім студенттері арасында "Ретро party" кеші өтті. Бұл кеште барлық топтар өз өнерлерін көрсетіп, белсене қатысты. Топ жетекшісі Карина Гүлнар Сағынышқызының жетекшілігімен өткізілген шара жоғары деңгейде өтті. Шара соңында бөлім меңгерушісі Шолпан Ахметқызы белсенді студенттерді және бөлім бойынша жарияланған "Студенттік кездер-ай" бейнеролик байқауын қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады.
Жеңімпаз атанған топтар: І орын ОД-305тобы, ІІ орын ОД-205 тобы, ІІІ орын СБ-315 тобы. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

 

Четверг, 18 ноября 2021 11:14

Студенттер күні

2021 жылғы 16 қараша күні Халықаралық студенттер күні қарсаңында студенттікке қабылдау рәсімі өтті. Студенттік кезең – адам өміріндегі қызығы мен шыжығы мол естен кетпес күндер. Құрметті Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттері, күндеріңіз жарқын естеліктерге толы болсын! Әр қадамдарыңыз сәтті болсын!

  

     Халықаралық студенттер күніне орай «Бастауыш білім беру» бөлімінің Бк-405 топ студенттерінің ұйымдастыруымен «Қызықты көңіл – студенттік өмір» тақырыбында іс-шара өтті. Аталған шара студенттердің бойындағы мәдениеттілікті, рухани адамгершілікті, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту және белсенді студенттерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында аталған бөлімнің өнерлі студенттері ән шырқап, би билеп, студенттік өмірден көріністер көрсетіп, жиналған жұртшылықтың көңілінен шықты.

  

Вторник, 16 ноября 2021 13:10

Қол күрес жарысы

     2021 жылғы 12-14 қараша күндері аралығында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған гір спорты (қос сайыс) және қол күресінен облыстық чепионат өтті. Осы жарысқа дене шынықтыру оқытушысы Ө.Сариннің жетекшілігімен 22 студент қатысып, 50 кг салмақта МД-405 студенті Ауданбекқызы Фаризат І орын, Танжарықова Мирім (МД-315) ІІ орын, 55 кг салмақта Сулейменова Сания (МД-315) І орын, Евескина Анель (ШТ-105) ІІ орын, Елемесова Аяулым (МД-215) ІІІ орын, 60 кг салмақта Тұрсынбаева Асел (МД-215) ІІ орын, Сарсенбаева Шаттық (ҚТ-105) ІІІ орын, 65 кг салмақта Сингараева Диана (МД-215) ІІІ орын, 70 кг салмақтан жоғары салмаққа дейін Берік Жансая (БК-216) ІІІ орынға ие болды. Барлық жеңімпаз қыздарымызды құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!

  

Үздік абаттандырылған кәсіптік білім беру мекемесі

Қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру шараларына белсене қатысқаны үшін Ақтөбе гуманитарлық колледжі ұжымы Ақтөбе қаласы әкімдігінің алғыс хатымен және «Үздік абаттандырылған кәсіптік білім беру мекемесі» естелік сыйлығымен марапатталды.
@bilim_basqarmasy_aqtobe @aqtobe_akimat

  

Страница 1 из 37
  • Пастух Виктория
    Бк-401

  • Куздибаева Дилназ
    Кт-105

  • Амангос Мадина
    Мд-315

  • Редова Пакиза
    Бк-310

  • Мукатова Айнура
    Р-405

  • Бозакова Дария
    Мк-405

152

ПРЕПОДАВАТЕЛЬ

1200

СТУДЕНТ

421

ВЫПУСКНИК

81

ДИПЛОМ С ОТЛИЧИЕМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Обратная связь.

г. Актобе, ул. Есет батыра, д. 73 Номер телефона: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Связь с выпускниками