Бейсенбі, 23 Желтоқсан 2021 12:03

22 желтоқсан күні облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова мен басқарма басшысы Жолдас Батырхан «WorldSkills Kazakhstan 2021» чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті

     22 желтоқсан күні облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова мен басқарма басшысы Жолдас Батырхан «WorldSkills Kazakhstan 2021» чемпионатының жеңімпаздарымен кездесті. Еркін форматта өткен кездесуде облыс әкімінің орынбасары колледж студенттерін аймақ басшысы Оңдасын Оразалиннің атынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, білім саласындағы жетістіктер үшін алғыс айтты. Студенттерді қолдау мақсатында қаржылай сыйақы беріліп, жеңімпаздар мен жетекшілерге арнайы алғыс хаттар табыстады.
2021 жылдың 1 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында  «WorldSkills Kazakhstan 2021» VІ Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионаты өтті. Еліміздің 17 аймағынан 450-ден астам жас маман (22 жасқа дейінгі) WorldSkills-тің 18 конкурстық алаңында 30-негізгі және серіктестердің алаңында 40-тан аса қосымша құзыреттіліктер (мамандықтар) бойынша республикамыздың бірнеше өңірлерінде бақ сынады.
Аталған чемпионатта Ақтөбе облысы 3 алтын, 5 күміс, 3 қола және 8 медальон жеңіп алды. Соның ішінде Ақтөбе гуманитарлық колледжі 1 алтын - Нәбиева Назкен Қадырбекқызы және 1 қола - Кононенко Юлия Викторовна жүлделі тұғырдан көрінді.

  

   

Оқылды 73 рет
  • Султанова Жанна
    Бк-315

  • Жұбатқанова Ақтоты
    Од-105

  • Сағиғалиева Гүлбану
    Кт-105

  • Нышан Ақмарал
    Шт-305

  • Тұрманова Қаламқас
    Мд-215

  • Махабат Жаннета
    Шт-405

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс