Дүйсенбі, 13 Қыркүйек 2021 10:12

2021-2022 оқу жылы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан, мүгедектер және бала кезінен мүгедек студенттер үшін төмендегі көрсетілген құжаттар тізбесі жинақталады.

Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы №180 бұйрығының негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.  2021-2022 оқу жылы бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы және аз қамтылған отбасынан шыққан, мүгедектер және бала кезінен мүгедек студенттер үшін  төмендегі көрсетілген құжаттар тізбесі жинақталады.

Құжаттар тізбесі

  1. Белгіленген нысандағы өтініш;
  2. Туу туралы куәлік - көп балалы отбасылардың балалары үшін;
  3. Қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы анықтамалар - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін;
  4. Мүгедектігі туралы анықтамалар - мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін немесе психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы - даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін;
  5. Өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтамалар - атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін;
  6. Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың еңбекақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түріндегі табыстар) - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін.

    Ескерту: Тапсырған құжаттарыңыз арнайы құрылған комиссия тексерісінен өткен соң тегін тамақтандыруды ұсыну қаржылай түрде жеке есеп-шоттарыңызға жіберіледі.

    Жоғарыда көрсетілген санаттың біріне жататындығын растайтын анықтамаларыңыз әр тоқсан  сайын тексеріліп отырылады.

    Әлеуметтік педагог: Ыбраймова Ардак Юсуповна

    Байланыс тел: 87022524682

Оқылды 178 рет
  • Онайбергенова Әмина
    Мд-405

  • Маширикова София
    Бк-401

  • Кашкинбаева Аружан
    Кт-105

  • Анарбек Аиша
    Бк-205

  • Марченко Людмила
    Бк-301

  • Бозжанова Аружан
    Мд-205

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс