Сейсенбі, 20 Сәуір 2021 15:00

«Қазақстанның болашағы - жастардың қолында»

     2021 жылдың 20 сәуір күні Ақтөбе гуманитарлық колледжі жанынан құрылған "Жаңа ғасыр" дебат клубының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жастардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін арттыру, қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру мақсатында студенттер арасында «Қазақстанның болашағы - жастардың қолында» атты колледжішілік дебат турнирі өткізілді.
     Турнирде фракциялар "Бұл палата қашықтықтан оқу жүйесінің зиянынан пайдасы көп деп есептейді", "Бұл палата кез келген проблема ақшамен шешіледі деп санайды", "Бұл палата жастар ертерек отбасын құруы керек деп есептейді", "Бұл палата қазақ тілінің мәртебесін көтеруді қолдайды" қарарлары бойынша пікірталас ойынын көрсетті.
     Нәтижесінде озық ой, терең білімімен көзге түсіп І орынды "Агк" фракциясы (Мк-105, Қт-115), ІІ орынды "Ирина Кайратовна" фракциясы (Шт-106), ІІІ орынды "INFINITY" фракциясы (Бк-110) және "Үздік спикер" номинациясын Қт-115 топ студенті Салиева Динара иеленді.
#дебат
#ұшқыр_ой_алаңы
#ұшқыр_ой_алаңы_ақтөбе
#руханижаңғыру4жылақтөбе

  

Оқылды 105 рет
  • Редова Пакиза
    Бк-310

  • Мукатова Айнура
    Р-405

  • Длимбетова Амина
    Р-405

  • Мұратова Әсем
    Мк-105

  • Нұрғалиева Ақбота
    Ктх-205

  • Есенгельдинова Мирамгүл
    Кт-105

152

ОҚЫТУШЫ

1200

СТУДЕНТ

421

ТҮЛЕК

81

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс