Жұма, 03 Ақпан 2017 00:40

Студенттер үйі

Ақтөбе гуманитарлық колледжінің жатақханасы 350 студентке арналып жасақталған.

Колледж жатақханасы компьютер орнатылған оқу бөлмесі, демалыс бөлмелері, акт залы, медициналық бекет, асхана, тұрмыстық қажетті бөлмелермен жабдықталған Жатақханада тұратын студенттерге барлық жағдай жасалған.

Студенттер үйінің негізгі мақсаты студенттердің тұруына әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау және жақсарту. 

Міндеттері 

  • Студенттерге қолайлы жағдай жасау;
  • Мәдени және тәрбиелік шаралар ұйымдастыру;
  • Студенттердің өзіндік басқару жүйесін дамыту;
  • Тұрғындардың Студенттер үйінің Ережесін орындауын қадағалау;
  • Студенттер үйінде санитарлық-гигиеналық, қауіпсіздік ережелерін тиісті талапқа сай ұстануын қадағалау;
  • Студенттер арасында салауатты өмір салтын ұстауға және жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, белсенді тұлға болуға баулу.

Құрылымы

  • жатақхана меңгерушісі
  • тәрбиешілер
  • комендант
  • кастелянша
  • кезекшілер

Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Абай даңғылы 15/ІІ корпус/

Байланыс телефоны: 8/7132/ 56-34-13, 41-62-19

 

 

 

СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАСЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

  1. Жалпы ережелер

Ақтөбе гуманитарлық колледжі” МКҚК (Колледж)  студенттік жатақханасы туралы бұл ережелер Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы, Колледж Жарғысы және өзге де құқықтық-нормативті құжаттарға сай жасалған.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №200 бұйрығы бойынша «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүргізіледі.

Бұл ереже Колледж және студенттер, талапкерлер, сонымен қатар жатақханадан орын алатын, жатақханадан шығарылатын өзге де тұлғалардың ара-қатынасын реттейді. Сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың жатақханада тұрған кезеңіндегі қарым-қатынастарын қарастырады.

 

  1. Жатақханаға орналастыру тәртібі:
    • Әр жаңа оқу жылында жатақханаға орналасуға рұқсат алатын студенттердің тізімі (жоғарғы курстар үшін) жатақханаға орналастыру комиссиясымен анықталады. Ал І курс студенттері бұйрық бойынша колледжге қабылданғаннан кейін ғана жатақханадан орын алуға құқылы.
    • Студенттерді жатақханаға орналастыру алдында арнайы құрылған комиссия жатақхананың (бөлмелердің, қоғамдық орындардың) студенттерді орналастыруға дайын екендігін тексереді. 
    • Жатақханадағы орындар алғашқы кезекте жетім балалар, мүгедектер мен Қазақстан Республикасының заңнамаларында анықталған өзге де жеңілдіктерге ие тұлғаларға беріледі.
    • Жатақханаға орналасу үшін қажетті құжаттар тізбесі стандарттағы 2-қосымшаға сәйкес қабылданады.

 

  1. Жатақханадағы әкімшілік тәртіптің реттелуі:
    • Жатақханаға орналасу кезінде студент рұқсатнама қағазын алады, төсек қажеттіліктерімен қамтамасыз етіледі де, пайдалану барысында бөлмедегі әр студент материалдық жағынан жауапты болады. 
    • Жатақханаға төленетін тұру ақысы оқу орны бойынша шығарылған тиісті бұйрыққа (өкімге) сәйкес белгіленеді. 
    • Жатақхана сағат таңғы 07.00-де ашылады және жазғы уақытта сағат 21.00-де, қысқы уақытта 20.00-де жабылады. 
    • Жатақханадағы мәдени немесе басқа да іс-шаралар тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары және жатақхана меңгерушісі келісімімен өткізіледі.
    • Колледж директоры бекіткен кесте бойынша әкімшілік мүшелерінің кезекшілік кестесі құрылады.
    • Әкімшілік кезекшілік уақыты 19.00-21.00 және 21.00-23.00 аралығында және түнгі кезекшілік 23.00-06.00 аралығында жүргізіп отырады.
    • Студенттердің бөлмелерін түнгі уақытта тексеру жатақханада тұрып жатқан тұлғалар тарапынан тәртіп бұзушылық орын алғанда немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда рұқсат етіледі.   
    • Студент колледждің Ішкі тәртіп ережесін, жатақханада тұру ережелерін өрескел бұзса жатақханадан шығарылады және төлемақысы қайтарылмайды. Ал өз еркімен жатақханадан шықса, тұрмайтын уақыты есепке алынып, жатақханада тұру ақысы қайтарылады.  

 

  1. Жатақханада тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтары:
    • Жатақханада тұратын әрбір студент “Жатақханада тұру ережесімен” танысып, қол қоюға міндетті.
    • Жатақханада тұратын студенттер тұру ақысын белгіленген мөлшерде және уақытылы төлеуге міндетті.  
    • Тазалық, тәртіп сақтауға және жатақхана әкімшілігі мен қызмет көрсетуші персоналға әдептілік көрсетуге міндетті.
    • Жатақханаға кірер алдында ескертпей-ақ рұқсатнаманы көрсетуге міндетті.
    • Жатақханада тұрып жатқан студенттер электр энергиясы, суық және ыстық суды, жылу энергиясын үнемдеуге және барлық материалдық мүліктерді ұқыптап қолданып, сақтауға міндетті. 
    • Кестеге сәйкес әр студент қабаттағы кезекшілікті жүзеге асыруға және қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізуге міндетті. 
    • Жатақханада тұратын әр студент белгіленген сенбіліктерді өтеуге қатысуға міндетті.
    • Тұрып жатқан студенттер және қызмет көрсету персоналы өрт қауіпсіздігі ережесін білуге және оны бұлжытпай орындауға міндетті. 
    • Студент Өрт қауіпсіздігі Ережелерін қатаң сақтауға міндетті.
    • Тұрып жатқан студенттер ұсынылған тұрмыстық және басқа да қызметтерді (кір жуатын машиналар, компьтерлік сыныптағы заттар, тоңазытқышты), өз бетімен сабаққа дайындалу, жуынатын орындардың және спорттық бөлмелердің пайдалану ережесін сақтауға міндетті. 
    • Жатақханада тұратын әрбір тұлға Ішкі тәртіп ережелерінің бұзылуын болдырмау жөніндегі Студенттік кеңес өкілдерінің нұсқауын орындауға міндетті. 
    • Жатақханада тұратын студенттер сенбі, жексенбі күндері жатақханада болмаған жағдайда жазбаша түрде рұқсат алуға және тіркелу журналына жазылып кетуге міндетті (баратын мекен-жайы, қай аралықта болмайтыны туралы ақпараттар жазылу керек және бөлім меңгерушісінің рұқсаты болу керек).
    • Жатақханадан уақытша шыққан кезде өз бөлмесіндегі терезені, есікті кілттеп, кілтін жатақхана кезекшісіне тапсыруға міндетті;
    • Оқу жылы аяқталысымен студент бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге және оны қабылдау-тапсыру кесімі бойынша комиссияға тапсыруға міндетті.
    • Жатақханада тұратын студенттердің жатақханадағы Студенттік кеңестің құрамын сайлауға және оның құрамына сайлануға құқығы бар.
    • Студенттік кеңес арқылы жатақханада тұратын студенттер тұрғын орнын, тұрмыстық  жағдайын жетілдіруге және тәрбие жұмыстары мен бос уақыттарын тиімді пайдалануға, жетілдіруге қатысты ұсыныстар беруге, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруға қатыса алады. 
    • Колледждің Ішкі тәртіп ережесін, жатақхана ережесін бұзбаған студенттің келесі оқу жылында жатақханаға орналасуға айрықша құқығы бар. 
    • Студент бөлмені кесім бойынша тапсырмай, өз бетінше кетіп қалса немесе бөлме, жиһаз, керек-жарақтар бойынша комиссия ескертуі бар болған жағдайда студенттің жаңа оқу жылында жатақханаға орналасуға мүмкіндігі жоқ. 
    • Студенттің бөлмесінде бөгде тұлға заңға қайшы әрекеттер жасап, тәртіп бұзушылық фактілері анықталса және оны жасырып бүгіп қалған жағдайда жауапкершілік  сол бөлменің барлық тұрғындарына жүктеледі. 
    • Жатақханадағы Ішкі тәртіп ережелерінің өрескел бұзылу фактілері анықталған жағдайда колледж әкімшілігі шара қолдануға мүмкіндігі бар. 
    • Сағат 23.00-ден кейін жатақханада тыныштық бұзуға жол берілмейді.
    • Артық жарықтандыру құралдары және ас бөлмедегі электр пештері сөндірілуге тиіс. 
    • Егер студент бойынан басқа студенттердің денсаулығына қауіп төндіретін жұқпалы ауру анықталса, ауырған студент емделу үшін жатақхананы босатуы тиіс.
    • Өртке қарсы қауіпсіздік ережелері немесе электр құралдарын пайдалану нұсқаулықтары бұзылған жағдайда жатақханадан шығарылуға дейінгі қатаң шара қабылданады. 
    • Жатақханадағы Студенттік кеңес өзін-өзі басқару құқығына ие.
    • Егер студент Ішкі тәртіпті өрескел бұзған жағдайда (арақ-шарап ішіп ұсталса, жатақханада шылым шексе, насыбай қолданса, кешкі уақыттарда жаз мезгілінде 21:00-ден кейін, ал қыс мезгілінде 20:00-ден кейін жатақхана жабылған соң, өз бетінше рұқсатсыз шығып кеткен жағдайда, балағаттау сөздер айтса, жатақханада төбелес ұйымдастырса, заңсыз діни ағымдарды уағыздаса, әкімдік рұқсат етпеген митингілер мен шеруге қатысса, басқа адамның өміріне қауіп төндіретін әрекет жасаса, құқық қорғау ұйымдарынан заң бұзушылыққа қатысы бар дәлелденген ресми құжаттар келсе) студенттің ата-анасына хабарласып, колледж әкімшілігі бірден жатақханадан шығару туралы шешім қабылдайды. Бұл жағдайда студент бөлмесін босатуы керек.
    • Колледждің, жатақхананың Ішкі тәртіп ережелерін бұзғанда немесе жатақханадан шығарылған студентке жаңа оқу жылында жатақханадан орын берілмейді.  
    • Студент жатақхана мен тұрғын бөлмеде орналасқан мүліктердің сақталуын қамтамасыз ететін ережелерді орындауы керек.
    • Жатақхананың әр тұрғын жайында (бөлмеде, қабатта) староста сайланады. Қабат старостасы бір қабат тұрғындарының жалпы жиналысында сайланады. Тұрғын жай старосталары қызметтерін атқарғанда Колледждің заңдық құжаттарын, студенттік жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, қолдағы ережелерді, сонымен қатар жатақхана кеңесі мен Колледж әкімшілігінің шешімдерімен жетекшілік етеді.
  2. Жатақхана Кеңесі:
    • Қабаттар мен бөлмелердегі старосталардың қызметтерін реттейді;
    • Жатақханадағы өз-өзіне қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырады;
    • Тұрғындарды жатақхана мен оның төңірегінде қоғамдық пайдалы жұмыстарды (бөлмелерде тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізу, жиһаздарды жөндеу) атқаруға өз еріктерімен қатысуға жұмылдырылады;
    • Жатақхана әкімшілігіне тұрғындарға берілген материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауға көмектеседі;
    • Тұрғындардың мүддесін қорғайды;
    • Мәдени іс-шараларды ұйымдастырады;
    • Бөлменің (қабат) таза жиналып тұрғанын қадағалайды.

 

  1. Студенттерге мүлдем тыйым салынады:
    • Жатақханаға мас күйінде келуге, спирттік ішімдік ішуге және сақтауға;
    • Жатақханада, оқу ғимараттарында және колледж аумағында темекі шегуге, насыбай қолдануға; 
    • Тұрғындардың нормативке сай емес лексиканы (дөрекі сөздерді) қолдануына;
    • Бөлмелерде және қоғамдық орындарда санитарлық тазалық ережелерін бұзуға; 
    • Тұрып жатқандарға тұрғын бөлме қабырғасында және ортақ пайдалану орындарында, егер ол жатақхана мүлкіне залал келтіретін болса, сабақ кестесін, көшірме суреттерді, хабарландырулар және т.б. ілуге;  
    • Рұқсатсыз электр сымын қайта өңдеуге немесе жөндеуге, бөлме қабырғасына рұқсатсыз шеге қағуға (кейде электр тоғы өтетін сымдарға әсер етуі қаупі болғандықтан); 
    • Сағат 23:00-ден кейін студенттердің басқа бөлмелерде болуына;
    • Жатақханада тұратындарға өз бетінше бір бөлмеден екінші бөлмеге көшуге және жабдықтарды ауыстыруға, тұрғын жайда электр жылытқыш және басқа да өрт тудырушы құралдарды пайдалануға; 
    • Жатақханаға бөтен тұлғаны кіргізуге;
    • Бөлменің кілтін бөтен адамға беруге;
    • Бөлмеде жануарлар ұстауға;
    • Дауыс көтеруге, шу шығаруға және музыканы қатты қойып тыңдауға.

 

  1. Алғыс білдіру
    • Жатақхананың тұрмыс-тіршілігінде белсенділік танытып, әлеуметтік маңызды бастамаларды өткізуге атсалысқан тұрғындарға:
  • Алғыс жарияланады;
  • Мақтау қағазымен марапатталады;
  • Сыйлықпен марапатталады және т.б.

 

  1. Жауапкершілік:
    • Жатақханада тұрып жатқандар өздеріне бекітілген мүліктер мен керек-жарақтарды сақтауға жауап береді және келтірілген шығынның нарықтық баға бойынша орнын толтыруға міндетті.
    • Студенттің бөлмедегі жеке заттары мен мүлігінің сақталуына жатақхана әкімшілігі жауап бермейді.
    • Қабаттағы кезекші кестеге сәйкес тазалықты реттеуге және материалдық құндылықтарды сақтауға, түрлі тәртіп бұзушылықты болдырмауға жауапты. 
    • Жатақханадағы рұқсат арқылы кіру жүйесінің бұзылмауына жатақхана күзетшісі (вахтер) және жатақхана меңгерушісі жауапты. 
    • Осы Ережені, Жатақхананың ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін жатақхана тұрғындары студенттерге шара қолданылады.
Оқылды 1628 рет
  • Қалмағамбетова Гүлағис
    МД-401

  • Төлеубай Ұлболсын
    МД-205

  • Нысанова Жайна
    МД-315

  • Игілікова Шынар
    СБ-305

  • Акбалаева Акмоншак
    МК-315

  • Қуаныш Айдана
    СБ-305

29

МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР

18

КОНФЕРЕНЦИЯ

45

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

13

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30

Түлектермен байланыс