Сейсенбі, 12 Наурыз 2019 09:50

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ,қорғаншылық пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну

Қызметтің атауы: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну
Стандарт:    Қарау
Регламент:  Қарау
Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар және жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

 

Жеке тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 күнтізбелік күндер;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут;

      3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

қағаз түрінде.

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес.

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша өтініші;

      2) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

      4) мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

      5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер).

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тегін тамақтандыруды ұсыну немесе бас тарту туралы еркін нысандағы шешім.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

Оқылды 319 рет
  • Нағашыбай Айдана
    ШТ-205

  • Көлбаева Ақмарал
    ҚТ-320

  • Ұлықпанова Қызғалдақ
    ҚТ-320

  • Жұмағалиева Ұлдай
    СБ-305

  • Акбалаева Акмоншак
    МК-315

  • Казиева Гульжан
    МД-401

152

ОҚЫТУШЫ

1227

СТУДЕНТ

543

ТҮЛЕК

94

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс