«Ақтөбе гуманитарлық колледжі» МКҚК-ның педагог қызметкерінің Ар-намыс Кодексi

  1. Жалпы ережелер 
  1. Колледждің педагог қызметкерінің осы Ар-намыс кодексi (бұдан әрi – Кодекс) Қазақстан Республикасының Конституциясына,  «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi № 319 Заңына, «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексi» Қазақстан Республикасының Кодексiне 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңына,«Педагогикалық әдеп қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығына және  білім мен тәрбиеге қатысты  барлық нормативті-құқықтық актілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына сәйкес педагог қызметкердің  моральдық-әдептiлiк бейнесiне қойылатын негізгі қағидаттарды, нормаларды сондай-ақ олардың мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын анықтайды.
  2. Педагог қызметкерлер қатарына колледж директоры, директордың тәрбие, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік, ақпараттық ісі жөніндегі орынбасарлары, оқытушылар, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер т.б. ҚР Үкіметі бекіткен Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіндегі қызметкерлер жатады.
  3. Колледжде бiлiм алушыларды оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм беру қызметiмен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.. (Білім туралы заңының 50-бабы) Педагог қызметкерлер азаматтық қызметшілер болып табылады.
  4. Азаматтық қызмет – азаматтық қызметшiлердiң қазыналық кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi орындау жөнiндегi кәсiптiк қызметi.
  5. Азаматтық қызметшi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақы төленетiн штаттық лауазымды атқаратын және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам.
  6. Кодекс бiлiм алушылар мен ата-аналардың колледжге сенiмiн нығайтуға, педагогтік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетiн қалыптастыруға және педагог қызметкерлердің әдепсiз мiнез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
  7. Директордың орынбасарлары мен бөлім меңгерушілері осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстiң мәтiнiн оқу ғимараттарында баршаға көрiнетiндей жерде орналастыруды және педагог қызметкерлер осы кодекс қабылданған кейін 3 күн ішінде жазбаша танысуын қамтамасыз етедi. Жаңадан жұмысқа тұратын қызметкерлерді  мамандар бөлімі осы кодекспен таныстыруы тиіс.

 

  1. Педагогикалық әдептiң негiзгi қағидаттары

 

Педагогикалық әдептiң негiзгi қағидаттары мыналар болып табылады:
      1) адалдық:

      Педагог адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесiне, өз қызметiндегi түзетулердi жүзеге асыра бiлуiне, сынға және рефлексияға қабiлетiн дамытуға, білім алушы,ата-ана, әрiптестердiң кез келген пiкiрi үшiн ашықтығына жауапкершiлiгiн бiлдiредi;

      2) әдiлдiк:

      Педагог әдiлдiгi оның бағалау кызметiнiң ашықтығын, олардың құрған бiлiм беру ортасының айқындылығын бiлдiредi. Әдiлдiк педагогке бiлiм алушылардың, оның ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң), әрiптестерiнiң құқығын бұзуға тыйым салады;
      3) өзiнiң абыройын және қадiр-қасиетiн құрметтеу:

      Педагог өзiнiң кәсiби назарындағы объектiлер болып табылатын білім алушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтейдi, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелi. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендiгiн бiлдiрiп, бiлiм алушының жетiстiгiн (жетiспеушiлiгiн) бағалауда әдептiлiк танытады.
      Бiлiм беру процесiне қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдiстерiн қолдануға мүлдем жол бермейдi;
      4) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу:

      педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбiр ұлт мәдениетiн ерекшелiгiне, құндылығына және қадiр-қасиетiне құрметпен қарайды.
      Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетiн тәрбиелейдi, бiлiм алушыларды жасына, жынысына, тiлiне, ұлтына, дiни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге үйретедi;

      Педагог колледж ұжымында сенiм бiлдiру және құрметтеу ахуалын жасауға мүмкiндiк туғызады;

      5) кәсiби ынтымақтастық:

      педагог мамандық мәртебесi туралы ойлайды, әрiптестерiнiң абыройын және қадiр-қасиетiн құрметтейдi, мұғалiм беделiне нұқсан келтiретiн iс-әрекеттерге жол бермейдi.
      Педагог қандай да бiр дұрыс емес нәрселердi жасауға, өз әрiптестерiнiң сенiмiне нұқсан келтiруге, олардың кәсiби мiндеттерiн атқаруына кедергi жасауға, оларға қандай да бiр шығын келтiруге жол бермейдi. Педагог өз әрiптестерiнiң теориялық және әдiстемелiк шеберлiк деңгейiн арттыруға, шығармашылық қабiлетiн дамытуға, қиын жағдайға тап болған әрiптестерiне көмек беруге жәрдем көрсетедi. Кәсiби ынтымақтастық жалғандық пен әдiлетсiздiктi ақтауға қызмет етпейдi;
    6) үздiксiз кәсiби даму.

      Педагог өзiнiң кәсiби шеберлiгiн, зияткерлiк, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейiн жетiлдiредi.

  1. Педагогикалық әдептiң негiзгi нормалары

 

Педагог қызметкер өз қызметiнде:

  • бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершiлiк тұрғыда тәрбиелеуге мүмкiндiк жасайды;
  • Қазақстан Республикасы педагог қызметкерiнiң жоғары атағының беделiн түсiруге мүмкiндiк туғызатын iс-әрекеттердi жасауға жол бермейдi;
  • өзiнiң қызметтiк мiндетiн адал және сапалы орындайды;
  • өзiнiң кәсiби шеберлiгiн үздiксiз жетiлдiредi, өз бетiнше бiлiм алу және өзiн-өзi жетiлдiрумен белсендi түрде айналысады;
  • еңбектәртiбiн бұлжытпай сақтайды;
  • колледж мүлкiне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
  • сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзiнiң шыншыл, адал және әдiл мiнез-құлқымен үлгi болады;
  • қызметтiк ақпараттарды пайдакүнемдiк және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейдi;
  • өзi үлгi бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкiндiк жасайды;
  • өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындау кезеңiнде iскерлiк киiм үлгiсiнде болады.

Бiлiм беру процесiне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:

  • жасына, жынысына, ұлтына, дiни сенiмiне, азаматтығына, шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайларына немесе кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтейдi;
  • білім алушылардың білімі мен тәртібін бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде әдiлдiк пен объективтiлiк танытуға;
  • бiлiм беру процесiне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактiлерiне жол бермейдi, өз әрiптестерi тарапынан осындай iс-әрекеттердi болдырмау үшiн күш салады;
  • өз iс-әрекетiмен қоғам тарапынан дәлелдi сындарға жол бермейдi, оған сабырлылықпен қарайды, өзiнiң кәсiби қызметiндегi кемшiлiктердi жою және оны жақсарту үшiн сындарлы сынды пайдаланады;
  • бiлiм беру процесiнiң қатысушыларына кәсiби қолдау көрсетедi.

Әрiптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:

  • жалпы қабылданған адамгершiлiк-әдептiлiк нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
  • ұжымда iскерлiк және тiлектестiк өзара қарым-қатынасты әрi сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;
  • басқа педагогтар тарапынан қызметтiк әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнiнде өзге шаралар қабылдауға;
  • ұжымда әрiптестерiнiң ар-намысы мен абыройына кiр келтiретiн жеке және кәсiптiк қасиеттерiн талқылаудан аулақ болуға;
  • әрiптестерiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн әрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеуге;
  • баска педагог қызметкердiң кәсiби бiлiктiлiгiне көпшiлiк алдында күмән келтiрмейдi.

Басшылар қарамағындағы қызметшiлермен қарым-қатынас кезiнде:

  • өзiнiң мiнез-құлқымен бейтараптықтың, әдiлдiктiң, риясыздықтың, жеке тұлғаның ар-намысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгiсi болуға;
  • меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерiн шешу кезiнде туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша артықшылық көрсетпеуге;
  • олардың қызметiнiң нәтижелерiн бағалау, сондай-ақ көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезiнде әдiлдiк пен объективтiлiк танытуға;
  • еңбектi, денсаулықты қорғауға, тиiмдi қызмет ету үшiн қауiпсiз және қажеттi жағдайларды жасауға, сондай-ақ қызметшiлердiң ар-намысы мен қадiр-қасиетiн кемсiтушiлiктiң және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған шараларды қабылдауға;
  • қызметтiк емес сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде олардың қызметiне ықпал етуге өзiнiң қызметтiк дәрежесiн пайдаланбауға;
  • құқыққа қарсы қылықтарды, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына жат қылықтарды жасауға мәжбүрлемеуге;
  • оларға қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, қадiр-қасиетiн қорлау, әдепсiздiк және орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермеуге тиiс.

Төмен тұрған лауазымдарды атқаратын қызметкерлер:

  • басшылардың тапсырмаларын орындау кезiнде тек объективтi және шынайы мәлiметтердi ұсынуға;
  • өздерiне мәлiм болған педаготік әдеп нормаларының бұзу жағдайлары және педагогтік қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылықтар туралы басшылыққа дереу хабарлауға;
  • басшының заңды тапсырмаларын орындауға кедергi келтiретiн әрекеттердi (әрекетсiздiктi) болдырмауға;
  • басшылыққа қатысты жеке берiлгендiкке, олардың қызметтiк мүмкiндiктерi есебiнен пайда және артықшылықтар алуға ұмтылуға жол бермеуге тиiс.

 

  1. Педагог қызметкерге қойылатын шектеулер мен жауапкершілігі
  2. Педагогтік қызметіне:
  • медициналық қарсы көрсетiлiмi бар;
  • психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiнің 26-бабында сәйкес: адам өлтiргенi, денсаулыққа қасақана зиян келтiргенi, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн, экстремистiк немесе террористiк қылмыстар, адам саудасы үшiн сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауда жүрген немесе қудалауда болған (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларының негiзiнде оларға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда) адамдарды жұмысқа орналастыруға жол берiлмейдi 
  1. Лауазымдық мiндеттерiн бұзған және педагог қызметкер атағына кiр келтiретiн терiс қылық жасаған педагог қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарында Ішкі тәртіп Ережесінде белгiленген жауаптылыққа тартылуы мүмкiн.
  2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабының 14-тармағына сәйкес тәрбиелеу функцияларын атқаратын қызметкер осы жұмысын жалғастырумен сыйыспайтын, моральға қайшы қылықтар жасаған үшін еңбек шарты бұзылады және жұмыстан босатылады.
  3. Осы кодексте көрсетілген жауапкершіліктер туындайдын жағдайларды анықтаған қызметкер, білім алушы, ата-ана (немесе білім алушының заңды өкілі), лауазымды тұлғалар колледж директорына шағымданады. Болған жағдайдың мән-жайын анықтау (тексеру) мақсатында колледж директоры өз орынбасарларына немесе арнайы комиссияға тапсырады. Тексеру жүргізетін тұлға немесе комиссия ҚР Еңбек кодексі аясында жұмыс жасайды және келеңсіз жағдайға қатысты бар барлық қызметкерлер мен білім алушыдан түсініктеме алуға міндетті. Қызметкер немесе білім алушы түсініктеме жазудан бас тартқа жағдайда, арнайы акт толтырылады. Түсініктеме жазудан бас тарту тәртіптік жазадан босатпайды. Тексеру қорытындысы педагогикалық кеңесте қаралады және оның нәтижесі бойынша колледж директоры бұйрық береді. Педагог қызметкердің тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауапкершілігі қолданыстағы заңдар негізінде жүргізіледі.
  4. Педагог бiлiм беру процесiн саяси үгiттеу, дiни насихат жүргiзу мақсатында немесе бiлiм алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн әрекеттерге итермелеу үшiн пайдалануына тыйым салынады.

 

 

 

  1. Мiнез-құлықтың жалпы стандарттары

 

  1. Педагог қызметкер:
  • адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын сақтауға, білім алушылармен және әрiптестерiмен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептiлiк танытуға;
  • өздерi қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы мен әдiлдiгiн қамтамасыз етуге;
  • колледж мүддесiне нұқсан келтiретiн, оқу-тәрбие процесінің тиімдiлiгiне кедергi жасайтын немесе тиiмдiлiгiн төмендететiн iс-әрекеттерге қарсы тұруға;
  • қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
  • өзiнiң iс-әрекетiмен және мiнез-құлқымен қызметкерлер мен білім алушылар тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға;
  • жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде білім алушыға, басқа педагог қызметкерлерге ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға;
  • шындыққа сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таратпауға;
  • колледж меншiгінің сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi ұтымды, тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта ғана пайдалануға;
  • қызметтiк тәртiптi бұлжытпай сақтауға, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиiмдi пайдалануға;
  • білім және тәрбие беру сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға;
  • жасағаны үшiн заңнамада тәртiптiк, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен терiс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
  • педагогтік әдептi және ресми мiнез-құлық қағидаларын сақтауға тиiс.
  1. Педагог қызметкерлердің сырт келбетi олардың қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде колледждің беделiн нығайтуға ықпал етуге, iскерлiкпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетiн жалпы қабылданған iскерлiк талаптарына сай болуға тиiс.

 

  1. Қызметтен тыс уақыттағы мiнез-құлық стандарттары

 

  1. Педагог қызметкер қызметтен тыс уақытта:
  • жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларын ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық, оның iшiнде қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдағы адамгершiлiкке нұқсан келтiретiн масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
  • қарапайым болуға, сабақ беру кезiнде өзiнiң лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
  • өз тарапынан қоғамдағы адамгершiлiкке, тәртiпке және қауiпсiздiкке қол сұғушылыққа әкелетiн заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттердi жасауға, таратуға жол бермеуге тиiс.

 

  1. Көпшiлiк алдында, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарында
    сөйлеумен байланысты мiнез-құлық стандарттары

 

  1. Колледж қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында сөйлеудi оның директоры немесе директор бұған уәкiлеттiк берiлген өзге қызметкер жүзеге асырады.
  2. Педагог қызметкерлер колледж және педагогтік қызмет беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiрсайысты сыпайы нысанда жүргiзуге тиiс.
  3. Педагог қызметкерлер мемлекеттiк білім және тәрбие мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол:
  • Мемлекеттік білім бағдарламасының негiзгi бағыттарына сәйкес келмесе;
  • жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпаратты ашатын болса;
  • мемлекеттiң лауазымды адамдарының, мемлекеттiк басқару органдарының, басқа да қызметкерлердің атына әдепке жат сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруiне болмайды.
  1. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды педагог қызметкер тек өз атынан жүзеге асыра алады.
  2. Педагог қызметкер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн жасаған деп көпшiлiк алдында негiзсiз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны терiске шығару жөнiнде шаралар қолдануға тиiс.

 

 

 

  • Жұмағалиева Ұлдай
    СБ-305

  • Оразбайқызы Тәтті
    МК-205

  • Ібраш Айым
    БК-320

  • Құлмырза Айзада
    БК-406

  • Айбулова Ботагөз
    БК-205

  • Назарбаева Гүлдана
    БК-405

29

МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР

18

КОНФЕРЕНЦИЯ

45

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

13

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30

Түлектермен байланыс