Сенбі, 21 Қаңтар 2017 17:06

Ақтөбе гуманитарлық колледжі кітапханасы

Кітап дегеніміз  – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік.

Ғ. Мүсірепов

Ескарина Райла Жақсыбайқызы - кітапхана меңгерушісі, білімі жоғары,  жалпы жұмыс өтілі 14 жыл, соның ішінде осы колледждің кітапханасында 4 жыл.

Қобландина Найла Сенбайқызы – кітапханашы, білімі жоғары,  жалпы жұмысы өтілі 16 жыл, соның ішінде осы колледждің кітапханасында 3 жыл.

                                                                                                                                               

Колледж  кітапханасының қызметі туралы ақпарат

     Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-білім және білімді ұрпақ.
     

     Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап - талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек.

     Бүгінгі студент ертеңгі ел маманының еліне, жеріне деген сүйіспеншілігінің артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері  халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет. Студенттермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру- кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

     Ақтөбе гуманитарлық колледжі – Ақтөбе  аймағындағы беделді, қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман дайындайтын техникалық және кәсіптік білім беретін іргелі оқу орындарының бірі. Бүгінгі таңда оқу орны еңбек нарығында сұраныстағы 12  мамандық бойынша орта буын мамандарын даярлайды.   

Кітапхана сипаттамасы

    Ақтөбе гуманитарлық колледжі  кітапханасы 1922 жылы оқу орны құрылған уақыттан бастап жұмыс жасайды.  Кітапхананың жалпы ауданы 160,4 м2, кітапханадағы отыратын орындардың жалпы саны  - 40.

Мақсаттары мен мінеттері:

  • студенттер бойына ұлттық сана-сезім мен ұлттық рухани тәрбиені ұялататын мәдени-рухани бірегей орталығы болып табылуына қызмет ету;
  • заманның ағымына ілесе отырып, көп салалы толыққанды ақпаратпен оқырман сұранысын, талаптарын қанағаттандыру;
  • кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға  қызығушылықтарын арттыру, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға көмектесу, кітапханамыздағы бай мұрамызды халыққа жүйелі, кәсіби түрде жеткізу;
  • жаңашыл үрдістерді жұмыс барысында енгізу, озық іс-тәжірибелерді зерттеу және қолдану.

 

     Кітапхана – кітап арқылы жеке адамның жан-жақты білім алып, саяси санасын қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-бір әлеуметтік орын.

     Кітапхана – өзінің барша ізгі ниетті оқырмандарын қатпары терең білім қорымен сусындатып, іздегендерге ізгілікпен бағыт көрсететін ғылыми, мәдени орта.

     Қазіргі таңдағы колледж кітапханасы – колледждің ақпараттық ресурсы оқу-білім үрдесінде ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалануға ықпал етіп және бұл іске жауапкершілікпен қарау – бүгінгі кітапхананың басты міндеті мен талабы;

     Колледж кітапханасы интернет желісіне қосылған, сондай-ақ, видео және  фотожабдықтар колледжде өткізілетін барлық шаралар үшін қолданылады.

     Колледжде  aktobe-agk.kzThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.   электронды поштасы қызмет етеді.  Сайтта кітапхананың арнайы AГК – парағы ашылған. АГК– парағынан кітапхана туралы барлық мәліметтерді тауып алуға мүмкіндік бар. Кітапханамызда 11 компьютер, 1 принтер және сканер орналасқан.  Кітапхана іс-қағаздарын жүргізу үшін электронды поштаны қолданады. Кітапхана  қажеттілігі үшін есептеу орталығы қызмет етеді. Кәсіптік бейімдеу жұмыстарын жүргізу аясында жарнама материалдары жасалады, ақпараттар сайтқа енгізіледі. Ақпараттың сақталуы, өзектілігі және тұтастығы сайтта жаңартылып отырылады. Ақпарат алмасу үшін электронды пошта, телефон, интернет, факс байланыс құралдары қолданылады.

 

Кітапхана құрылымы

  • Абонемент
  • Оқу залы
  • Көркем әдебиет бөлімі 

   

 Колледж  кітапханасының  негізгі ұстанымы

  • жоғарғы ақпараттылықпен  оқу орнының профиліне сәйкестілігінің болуына;
  • баспа нарығында ақпараттық өнімдердің сапалы және толық іріктелуіне;
  • қордың әрдайым жаңартылуына көңіл бөлу.

Кітапхана келбеті

 Колледж кітапханасы - пайдаланушылардың талаптарын толық және жедел қанағаттандыруға бағытталған қазіргі замандағы  ақпараттық технологиялар негізінде қызмет ететін инновациялық  ақпарат орталығы.

Біздің ресурстар:

Кітап қоры – 71 361дана

       Оның ішінде:

  • Оқулық, оқу құралы – 53 228
  • Оқу әдістемелік құралдары – 9 794
  • Көркем әдебиеттер – 8 339
  • Электрондық оқулықтар - 52
  • Мерзімді басылымдар - 120

Кітапхананың ақпаратты іздестіру жүйесі 

  • алфавиттік, жүйелік, пәндік каталогтар;
  • мақалалардың жүйелік  картотекасы;
  • тақырыптық және арнаулы картотекалар;
  • Интернет желісі;

      Іскерлік байланыстар

  • С.Бәйішев атындағы облыстық  әмбебап -ғылыми кітапханасы
  • С. Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасы
  • Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік университеті
  • Ақтөбе облыстық  ғылыми - тәжірибелік орталығы
  • Ақтөбе қаласындағы колледж кітапханалары

   

 

Кітап  қорын толықтыру көздері

Кітапхана  кеңесі:  5 адамнан құралған.

Кеңес төрайымы: 

  1. Б.М. Жамекова -директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Мүшелері:

  1. Р.Ж. Ескарина  - кітапхана меңгерушісі;
  2. Г.К. Даулеткалиева - «Кітапхана ісі» мамандығының оқытушысы;
  3. Н.С. Қобландина – кітапханашы;
  4. А.Б. Сақабаева - «Ктх -205»-топ студенті.

Кітапхана белсенділері  25 студенттен құралған.  

 

Ақпаратты  игерген ұтады   

Колледж кітапханасы уақытпен  қауымдасып дәстүрлі бағыттан инновациялық бағытқа көшуде. Оқу залында 10 компьютер жұмыс жасайды, барлығы интернет желісіне қосылған. Колледж оқытушылары мен студенттері өз білімін жетілдіруге түрлі ақпарат көздерін пайдалануға мүмкіндігі мол. Ақпаратты игерген кітапханалар ғана  көшбасшы  бола  алады.

Біздің  басымдықтар:

Интернет - әлемдік кеңістіктен ақпаратты іздестірудің басты ақпарат ортасы.

Біздің мақсат – сапалы қызмет

Кітапхана  Сіздің  ақпараттық қажетіңізді толық қанағаттандыруға,   Сіздің оқу және кәсіби біліміңізді  арттыруға, уақытыңызды  ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Пайдаланушылардың мүмкіндіктері:

  • алфавиттік,  жүйелік, пәндік каталогтар;
  • мақалалардың жүйелік картотекасы;
  • тақырыптық және арнаулы картотекалар;
  • Интернет желісі;
  • библиографиялық көрсеткіштер, анықтамалар, энциклопедиялар;
  • электронды пошта;
  • ақпаратты электронды түрде жеткізу;
  • анықтамалық библиографиялық қызмет көрсету;
  • электрондық оқулықтар

2018-2019 оқу жылының жоспары бойынша жүргізілген көпшілік іс-шаралар

Колледж кітапханасында жоспарлы түрде  көпшілік іс-шаралар өткізіледі.

«Бір ел - бір кітап» акциясына байланысты Шәкәрім Құдайбердіұлының  «Шәкәрімнің – асыл мұрасы» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыз Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларының көркемдік және әдеби құндылығын насихаттау. Ақын өлеңдерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқудың қыр – сырын аша білу. 

    

Қазақтың көрнекті ақыны Өтежан Нұрғалиевтің  80 жылдық мерей тойына арналған «Ақиқаттан айнымаған қалам»  тақырыбындағы поэзия кеші өтті.

Мақсаты: Өтежан Нұрғалиевтің өмірімен таныстыру, шығармаларының мазмұнын ашып, шығу тарихы туралы мәлімет беру. Ақынның туындыларын көрермендерге кеңінен таныстыру. Студенттерді кітап оқуға баулу.

«Кітап. Жастар. Ақпараттық технология» атты жоба  ұйымдастырылды.

Мақсаты: Колледж студенттеріне ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихиттау, оқуды ілгерілету, рухани мұратымызды сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелікке тәрбиелеу. Жоба студенттердің отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.  

   

23 сәуір- Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық қорғау күніне орай ұйымдастырылған кітап инсталляциясынан көрініс

Колледждің оқу залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Әлем таныған кемел тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу өткізілді.

Мақсаты:  

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

   

Студенттердің  ой –өрісін дамытып,  біліктілігін, ізденімпаз шығармашыл тұлға болып қалыптасуына кітапхана қызметкерлерінің қосар үлесі мол. 

Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру мен оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Көп ізденуді және оқуды талап етеді. Осыған байланысты болашақта электронды кітапхана алу жоспарлануда. 

Оқылды 3168 рет
  • Нұржанова Назгүл
    ШТ-205

  • Жолдасқызы Ақнәзік
    СБ-305

  • Әкімжан Алтынай
    МК-415

  • Жұбанышбаева Гүлсезім
    БК-406

  • Абытаева Шынар
    БК-406

  • Султанова Венера
    РУ-415

29

МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР

18

КОНФЕРЕНЦИЯ

45

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

13

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30

Түлектермен байланыс