Сенбі, 21 Қаңтар 2017 15:59

Біліктілік көтеру

Педагогика кадрларыныңбіліктілігінарттырукурстарынұйымдастыружәнежүргізуқағидаларынбекітутуралыережесінен ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығына  18.01.2017ж №18, 29.09.2017 №498, 12.06.2018 №266 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістермен

Педагог кадрлар – біліктілікті арттыру бағдарламалары шеңберінде оқудан өтуші педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар;

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыретін дамытуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

-сабақ беру мен оқыту сапасын арттыру үшін жаңадан және бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыретін дамытуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіби оқыту нысаны;

Сертификат – маман біліктілігінің (кәсіби құзыреттілік деңгейінің) біліктілік талаптарына, оның ішінде нақты салаға арналған стандартқа сәйкестігін және кәсіби қызмет деңгейін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;

Педагог кадрларды курстан кейінгі қолдау– педагог кадрлардың білім беру қызметіне әдістемелік, консультациялық қолдау көрсету бойынша іс-шаралар кешені, педагог кадрлардың кәсіби тапшылықтарын еңсеруге және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған, курстан кейінгі кезеңде олардың педагогикалық қызметін қадағалау;

І. Ұйымдарда педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарына (бұдан әрі – Курстар) қойылатын жалпы талаптар:
1) ұйымның жарғысында (ережесінде) біліктілікті арттыратын, оның ішінде педагог кадрларының біліктілігін арттыратын ұйымдарға арналған кадрлардың біліктілігін арттыру жайларының болуын;
2) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларының болуын қамтиды.

ІІ. Қағидалар педагогика кадрларын төмендегі курстарға іріктеу және қабылдау тәртібін айқындайды:
1) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді Курстар:
білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру бағдарламалары бойынша;
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ ПШО) Кембридж университетінің Білім факультетімен бірлесіп әзірлеген білім беру бағдарламалары бойынша;
«НЗМ» ДББҰ ПШО әзірлеген Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру ұйымдардың басшыларының білім беру бағдарламалары бойынша;
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы Адамның үйлесімді даму институты (бұдан әрі - «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ) әзірлеген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру (бұдан әрі – АРББ) бағдарламалары бойынша;
техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) ұйымдарының инженерлік-педагогикалық және басшы кадрларына арналған курстың білім беру бағдарламалары бойынша;
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының педагогика мамандықтарының оқытушыларына арналған Курстың білім беру бағдарламалары бойынша;
2) кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында тығылымдамадан өту (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагог кадрлары үшін).
ІІІ. Курстардың ұзақтығы

Курстардың ұзақтығы:
1) қысқа мерзімді Курстар – кемінде 36 академиялық сағат;
2) ұзақ мерзімді Курстар – кемінде 108 академиялық сағат;
3) кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу және білім беру ұйымдарында тығылымдамадан өту – кемінде 36 академиялық сағат;

ІҮ. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.


Ү. Білім беру ұйымдарының педагог кадрларының біліктілігін арттыру бес жылда бір реттен сиретпей жүргізіледі.

ҮІ. Курстарда оқуға үміткер педагог кадрларға мынадай ең төменгі талаптар белгіленеді:
1) жоғары білім және білім беру ұйымында кемінде 1 жыл педагогикалық жұмыс өтілінің болуы;
2) техникалық және кәсіптік білім, білім беру ұйымында кемінде 2 жыл еңбек өтілінің болуы;
3) білім беру жүйесі қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы базалық білімді пайдаланушы деңгейінде меңгеруі.

   

   

   

   

Оқылды 778 рет
  • Кеулімжаева Гүлнұр
    МД-415

  • Айбулова Ботагөз
    БК-205

  • Ғалламова Ақмарал
    МК-415

  • Нағашыбай Айдана
    ШТ-205

  • Чернияз Гүлназ
    БК-405

  • Макутов Нұрхан
    СБ-305

29

МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР

18

КОНФЕРЕНЦИЯ

45

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

13

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30

Түлектермен байланыс