Сенбі, 21 Қаңтар 2017 16:49

Байқау, марапатаулар

2016 жылдың 19 қараша күні облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев колледжімізге келіп, материалдық-техникалық базасы, оқу-тәрбие үрдісіндегі қол жеткізген жетістіктерімізбен танысты. Әкімнің біздің оқу орнымызға келуі, жастар, болашақ иелері үшін үлкен мәртебе екенін атап өткен жөн.

Колледж хор ұжымының қол жеткізген жетістіктерімен облыс әкімін Бердібек Машбекұлы Сапарбаевқа жетекшісі М.Куспановтың таныстыруы

Студенттердің түрлі байқауларға ұсынып, жүлделі орындарды иеленген жұмыстарымен таныстыру сәтінен

Дәсүрлі оқу жылының соңында өтетін «Ұстаз. Жастар.Болашақ -2016 » марапаттау салтанатында колледж директоры Ералы Ғұбайұлы Нұрғалиев жетістікке жеткен оқытушыларды марапаттау кезі

Дәсүрлі оқу жылының соңында өтетін «Ұстаз. Жастар.Болашақ -2016 » марапаттау салтанатында колледж директоры Ералы Ғұбайұлы Нұрғалиев жетістікке жеткен студенттерді марапаттауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат» колледжішілік дебат- танымдық зияткрлік турнирі болып өтті. Талқыға салынған өзекті мәселе:«Қазіргі Қазақстан жастары патриот, патриот емес» Турнирдің мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын ауқымды түрде насихаттау, оқытушылар арасындағы саяси сауаттылығының артуына ықпал ету.

Дебатқа колледждің «Бастауыш білім беру», «Мәдениет және саз», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» «Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімдерінің оқытушылары қатынасты. Бөлім бойынша 3 оқытушыдан құралған команда өзара сайысқа түсіп, алынған тақырып бойынша өздеріне берілген мәселені талқылауда асқан шеберліктерін көрсете білді. «Әділқазылар алқасы кеңесе отырып, «Мәдениет және саз» бөлімінің оқытушысы Куспанов Мербол Оразбекұлын «Үздік спикер» деп танып, жүлделі ІІІ орынды «Мәдениет және саз» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтары, жүлделі ІІорынды «Бастауыш білім беру» мамандығы, жүлделі І орынды «Математика және ақпараттық жүйелер» мамандығы иеленіп, марапатталды.

  


  

«ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталағымен «Ең үздік ғылыми жоба» атты ІІІ Республикалық ғылыми жұмыстар сайсында студенті жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін Жанар Төрежанқызы марапатталды.

«ZIAT» Ғылыми –әдістемелік орталағымен «Ең үздік ғылыми жоба» атта ІІІ Республикалық ғылыми жұмыстар сайысында ІІ орынға ие болған Қалышева Аңсаған (жетекшісі Жанар Төрежанқызы) марапатталды.

Диплом и степени награждается Майлыбай Фариза Лауреат Республиканского творческого конкурса «Воды Казахстана: качество воды для жизни и отдыха» руководитель Құдайберген С.П.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылыдғына орай оқушылар мен тәрбиеленушілерге арналған «Тәуелсіздік -тұғырым» атты көркемсурет байқауында І орын С.Несипбаева, М.Сағынбай берілді.


 

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы Қақастан Республикасының Президенті күніне арналған «Әлеуетті Қазақстанда Президентпен бірге» атты облыстық ғылыми конференцияда А.А.Сәлімкереева (жетекшілері Б.М. Жамекова, Ж.М.Адилова) марапатталды.

Ағылшын тілі пәні педагогтардың арасында ұйымдастырылған облыстық олимпиадада терең білімі мен кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде танытқаны үшін колледжіміздің ағылшын тілі пәні оқытушылары І дәрежелі дипломмен Г.К.Дильмухамедова, А.Ж.Мулкаманова, Ж.С.Жаманкулова, К.А.Еспанова. марапатталды.

   

Қожа Ахмет Яссауидің өмірден озғанына 850 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған «Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен еңбектерінің түркі халықтарының тарихында алатын орны мен ролі» атты студенттер арасында баяндама оқуларында жеңіске жеткені үшін І дәрежелі дипломмен Көлбаева Ақмарал (жетекшісі: Тұрғамбай Ардақ) марапатталды.

«Педагог – психолог портфолиосы» тақырыбындағы облыстық сырттай байқауында кәсіби шеберлігін танытқаны үшін колледж психологі Б.Б.Нурмукашева І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Оқылды 1189 рет
  • Мусагалиева Жазира
    ҚТ-210

  • Мақатова Бақытгүл
    МД-415

  • Бағланова Асылай
    БК-415

  • Айдилдаева Ғазиза
    ҚТ-410

  • Ібраш Айым
    БК-320

  • Қалмен Мадина
    БК-405

152

ОҚЫТУШЫ

1227

СТУДЕНТ

543

ТҮЛЕК

94

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс