2018 жылдың 20 қараша күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның «Құрметті профессоры» Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаевтың 80 жасқа толуына орай кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің мақсаты - студенттерді ардагер ұстаз Қайырғали Қожанбаевтың шығармашылығымен таныстыру, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Кездесу кешінде композитордың танымал әндері «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушылары және студенттерінің орындауында көрермендерге ұсынылды.

Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 21 қараша күні студенттер күніне орай қаламыздың өнер, білім мен спорттық шараларда белсенділік танытып жүрген студенттерді салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ақтөбе гуманитарлық колледжінің Сб-415 тобының студенті Құттығия Азат Қайратұлы және Мк-305 тобының студенті Ділжанова Алтыншаш Бауыржанқызы алғыс хатпен марапатталды.

Ел Президентінің «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасын наихаттау барысында өткізілген «Мұрагер – өнер өрісі» атты ғылыми-шығармашылық орталығының жұмысы

2018 жылдың 13 қараша күні «Қазақ тілі және әдебиеті» және « Математика және физика» оқу – әдістемелік бірлестіктерінің онкүндігі аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Наменова Гүлсім Жұматайқызы «Жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқыту үдерісіндегі саралап оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында коучинг өткізді. Коучингтің мақсаты: Саралап оқытудың әдіс-тәсілдерін білудің маңыздылығы туралы пікірлесу, тәжірибеде қолдану жолдарын үйрету, әріптестерге әдістемелік көмек ұсыну арқылы кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын қарастыру.

Ағымдағы жылдың 26 жұлдызы күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік­экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» тақырыбында мамандық онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Онкүндіктің мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту бағытында оқыту мен оқудың заманауи әдістерін педагогикалық шеберлік тұрғыда көрсете отырып, қолдану аясын кеңейту, тиімділігін арттыру. 

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2018 жылдың 27 қарашасы күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік-экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық – жетістік көзі» тақырыбындағы онкүндік аясында семинар-практикум өтті. Семинар-практикум тақырыбы: «Колледжге бейімделген қысқа мерзімді жоспар дайындаудың әдіс-тәсілдері». Семинарды химия пәні оқытушысы Н.Т.Токсанбаев, тарих пәні оқытушысы Г.М.Нурманов, биология пәні оқытушысы М.С.Сейтен өткізді.

Жұма, 11 Қаңтар 2019 07:53

Ұлы даланың жеті қыры

2018 жылдың 21 қараша күні жарыққа шыққан ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау, түсіндіру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы талдау және мониторинг бөлімі басшысы Айдосов Бақыт Сағидоллаұлы және «Парасат-Ғылым» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық ақпараттық топ мүшесі Ахметов Көшкінбай Нұрмағамбетұлы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студент жастарымен кездесті.

Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік-экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестігінің «Оқу мен оқытудағы –жаңашылдық-жетістік көзі» тақырыбында мамандық онкүндігінің жоспарына сай АӘД пәні оқытушысы Болат Тайпақовтың «Автоматты бөлшектеу және жинау», Мейрамбек Умбеттің «Осы заманғы шет мемлекеттер әскерлерінің жаппай жою қаруы» тақырыптарында ықшам сабақтары өтті.

Жұма, 11 Қаңтар 2019 08:05

Ұлтын ұлықтаған – ұлы тұлға

1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Атаулы мереке күні Шығармашылық академиясы алаңында Ақтөбе гуманитарлық колледжі ұжымының "Ұлтын ұлықтаған – ұлы тұлға" атты мерекелік шарасы өтті. 

А.Ж.Асауовтың «Волейбол. Допты ойынға қосу, допты қабылдау әдістері» тақырыбындағы ашық сабағы «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» атты «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік­экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің онкүндігі аясында 29.11.2018ж дене тәрбиесі пәні оқытушысы Асауов Асқар «Волейбол. Допты ойынға қосу, допты қабылдау әдістері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Онкүндіктің жоспарына сай ағымдағы жылдың 30 қараша күні МК­105 тобында дене тәрбиесі пәнінен Кадиркулов Жомарт «Баскетбол. Екі қолмен айып добын лақтыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты - студенттерге баскетбол ойыны кезінде екі қолмен айып добын лақтыру әдістерін меңгерту. 

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсан күні «Жаратылыстану, дене тәрбиесі және АӘД», «Әлеуметтік­экономикалық» оқу-әдістемелік пәндер бірлестіктерінің «Оқу мен оқытудағы жаңашылдық - жетістік көзі» онкүндігіні аясында биология және география пәні оқытушылары Света Құдайберген мен Ботагөз Жаркаеваның ұйымдастыруымен «Бастауыш кластарда жаратылыстану, дүниетану пәндерін оқыту ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Page 9 of 23
  • Жұмағалиева Ұлдай
    СБ-305

  • Бағланова Асылай
    БК-415

  • Майлыбай Фариза
    БК-310

  • Болатбекқызы Гульсезим
    МК-415

  • Канатова Алмагуль
    МД-315

  • Есенғали Гүлнұр
    КТХ-205

152

ОҚЫТУШЫ

1227

СТУДЕНТ

543

ТҮЛЕК

94

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс