Бейсенбі, 24 Қазан 2019 04:59

Менің туым, Менің Отаным!

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 2019 жылдың 23 қазан күні Nur Otan партиясының бастамасымен «Менің туым, Менің Отаным!» атты патриоттық акциясы аясында Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі өтті.

Ашық сабақ «Әлеуметтік мәдени қызмет және көркем өнер» және «Музыкалық аспаптар» оқу – әдістемелік бірлестіктерінің «Кәсіби білімділік, құзыреттілік шеберлік» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің аясында ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты: Музыка ырғағымен жүріс түрлерін жасауға үйрету. Есту қабілеттерін, дене, аяқ бұлшық еттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Ақтөбе гуманитарлық колледжі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен әріптестік ынтымақтастықты нығайту барысында ағымдағы жылдың 24 қазан күні колледжде «Мәдениет және саз» бөлімі оқытушыларының ұйымдастыруымен «Педагогтың кәсіби біліктілік жемісі – студент жетістігі» атты облыстық семинар өткізді.

Жұма, 01 Қараша 2019 10:40

Қуанышты хабар

Ақтөбе гуманитарлық колледжі ұжымы үшін жаңа оқу жылы қуанышты оқиғамен басталды. 2019 жылдың 14 тамызында колледжге арналған нысандардың құрылысы туралы келісімге қол қойылды: спорт залы, 500 орындық акт залы гардеробымен және 150 адамға арналған асхана. Қыркүйек-қазан айларында ұйымдастыру мәселелері шешілді, топографиялық және коммуналдық қызметтермен келісу бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта құрылыс материалдары мен жабдықтар әкелінуде.

2019 жылдың 25 қазан күні «Дирижерлау және дауыс қою», «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер», «Музыкалық аспаптар» оқу әдістемелік бірлестіктерінің «Кәсіби білімділік,құзыреттілік және шеберлік» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің аясында музыка пәнінің оқытушысы Олжабаева Гүлназ (концертмейстер Алла Яскина) «Дауыс қою» пәнінен «Ән шырқаудың негізі-тыныс алу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ақтөбе гуманитарлық колледжі бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарына сәйкес қала мектептерінде өткізілетін жұмыстар жалғасын табуда. Колледждің педагогика және психология пәндері оқытушысы М.Султанова кеше Ақтөбе қаласы № 40 ЖОББ мектептің 9-11 класс оқушылары арасында «Мамандық таңдау- маңызды іс» тақырыбында пікіралысу өткізді.

«Кәсіби білікті маман даярлауда өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын енгізу тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум Ағымдағы жылдың 30 қазан күні Ақтөбе облысының білім басқармасы және Ақтөбе гуманитарлық  колледжінің ұйымдастыруымен «Кәсіби білікті маман даярлауда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын енгізу тиімділігі» тақырыбындағы облыстық семинар- практикум болып өтті.  Семинарға Ақтөбе облысы білім басқармасының бас маманы Амина Нурманова, сонымен қатар облысымыздың 20-дан астам колледж директорлары мен орынбасарлары қатысып, өзара іс-тәжірибе алмасты.

Ағымдағы жылдың 29 қазан күні «Дирижерлау және дауыс қою», «Әлеуметтік қызмет және өнер», «Музыкалық аспаптар» оқу әдістемелік бірлестіктерінің «Кәсіби білімділік, құзыреттілік және шеберлік» тақырыбындағы мамандық онкүндігінің аясында музыка пәнінің оқытушысы Кенжегалиева Индира «Негізгі аспап домбыра» пәнінен «Дәстүрлі күй өнерінің орындаушылық ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2019 жылдың 30 қазан күні «Мәдениет және саз» бөлімі оқу әдістемелік бірлестіктерінің «Кәсіби білімділік, құзыреттілік және шеберлік» тақырыбында өткен мамандық онкүндігінің аясында музыка пәнінің оқытушысы Ергалиева Гүлжанар (концертмейстер Кибирева Рима) дауыс қою пәнінен «Тыныстық дыбыс тірегінің рөлі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ағымдағы жылдың 31 қазан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде әлеуметтік серіктестік бағытында С.Жиенбаев атындағы балалар кітапханысының қызметкерлері қазақ руханиятының абызы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің туғанына 95 толу мерейтойын атап өту барысында болашақ тіл мамандары КТ-105 -тобымен әдеби сағат ұйымдастырылды.

Дүйсенбі, 04 Қараша 2019 10:14

Ұстазды ұлықтау

2019 жылдың 31 қазан күні «Дирижерлау және дауыс қою», «Музыкалық аспаптар» және «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер» оқу әдістемелік бірлестіктерінің «Кәсіби білімділік,құзыреттілік және шеберлік» тақырыбында өткен мамандық онкүндігінің аясында музыка пәнінің оқытушылары Жақсыгүл Искакованың және Сайрагүл Кушкинбаеваның ұйымдастыруымен «Ұстазды ұлықтау» тақырыбында Мәлік Кусаинұлы Каликовтың зейнеткерлік жасқа толуына арналған кездесу кеші өткізілді.

2019 жылдың 5 қараша күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен «Жасыл ел» еңбек жасағының XV еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті.

Page 3 of 23
  • Мухамбетиярова Жулдыз
    РУ-415

  • Ғалламова Ақмарал
    МК-415

  • Мақатова Бақытгүл
    МД-415

  • Қалдыбаева Гүлсана
    ШТ-306

  • Сейілханова Ұлмекен
    ҚТ-410

  • Абытаева Шынар
    БК-406

152

ОҚЫТУШЫ

1227

СТУДЕНТ

543

ТҮЛЕК

94

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс