Сенбі, 15 Ақпан 2020 06:52

БІЗ БІРГЕМІЗ

17 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен қабылданған 2020-Волонтерлар жылын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Ақтөбе облысының филиалында «Ашық есік күні» өтті.

Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану және қоғамға қызмет ету принципі мақсатында Ақтөбе гуманитарлық колледжі жастарынан «LEADER-Q» волонтерлық корпусы құрылды. Құрамына 40-тан астам студенттерді жинаған волонтерлық корпус осы күнге дейін өңіріміздегі айтулы іс-шараларға ат салысып, арнайы семинар-тренингтерге қатысып, маңызды тәрбиелік-әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыруда кәсіби волонтерлықтың бастапқы негізгі бөлімінен өтіп жатыр. Аталмыш шарада колледж түлегі, «LEADER-Q» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы Р.Мұқашев бастаған волонтерлық корпус Мемлекет басшысының бастамасымен басталған «Біз біргеміз» жалпыұлттық жобасын қолдап, жүйелі және волонтерлық қызметті кәсіби тұрғыда жүргізуге толыққанды дайын екенін көрсетті.

Оқылды 151 рет
  • Жүсіпова Гаухар
    СБ-305

  • Оразбайқызы Тәтті
    МК-205

  • Султанова Венера
    РУ-415

  • Танақұлов Әсет
    МК-415

  • Қалмағамбетова Гүлағис
    МД-401

  • Майлыбай Дидара
    МД-320

152

ОҚЫТУШЫ

1227

СТУДЕНТ

543

ТҮЛЕК

94

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс