Сейсенбі, 11 Ақпан 2020 06:57

Біздің студенттер «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті»

«ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасы «Zhastar KZ» жобасы шеңберінде жүзеге асырылды. Жобаның құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ болып табылады.

 

Жобаның мақсаты:
1. Үздік студенттерді анықтау, марапаттау және ынталандыру арқылы ТжКБ ұйымдарының студенттерін құзыреттілік деңгейі мен көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ынталандыру;
2. Үздік студенттер мен жұмыс берушілер арасында әрі қарай жұмысқа орналасу үшін немесе әлеуетті жеке бизнес құру үшін бизнес-тәлімгерлермен байланыс орнатуға көмектесу;
3. Жеке және кәсіби өсу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды тарта отырып, шеберлік сыныптар, тренингтер мен курстар ұйымдастыру арқылы үздік студенттердің одан әрі дамуына мүмкіндік жасау.

 

Колледжде іріктелген студенттер 1-8 қараша аралығында Жобаның республикалық кезеңіне қатысуға өтініш білдірді. 2019 жылғы қараша айының 11 мен 29 аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ веб-сайтында ТОП 100 студентті анықтау үшін онлайн дауыс беру жүргізілді. Жоба қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасынан «Әдебиет және тілдер» бөлімі Шт-305 топ студенті Салимкереев Мерлан, «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімі студенті Аманғос Мадина, «Мәдениет және саз» бөлімі студенті Нәбиева Назкен жеңімпаз атанып, 2019 жылдың 19 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында өткен шарада марапатталды. Жеңімпаз студенттерді құттықтаймыз!

Оқылды 38 рет
  • Арыстанбек Ақерке
    МК-305

  • Қабделқызы Жансая
    БК-406

  • Айдилдаева Ғазиза
    ҚТ-410

  • Өтениязов Байбол
    МК-205

  • Байсенгирова Дарина
    БК-201

  • Зубаха Анжела
    МД-401

152

ОҚЫТУШЫ

1227

СТУДЕНТ

543

ТҮЛЕК

94

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс