Жұма, 07 Ақпан 2020 15:45

«Тәуелсіздік – еліміздің тірегі » атты үш тілде өткізілген тарихи-танымдық кеш

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінде  2019 жылдың 12-желтоқсанда «Тәуелсіздік – еліміздің тірегі »  тақырыбында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің МД-315 топ студенттері және топ жетекшісі  Ардақ Тұрғамбай жетекшілігімен танымдық-кеш өткізілді. Мақсаты: Студенттерге еліміздің тәуелсіздік алғалы  28 жыл ішіндегі жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту. Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру. Жаңа қазақстандық патриотизм және азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу, бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу, оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу.

 

Кеште студенттерге тәлім-тәрбие беру мақсатында танымдық бейне материалдар, патриоттық өлең-жырлар қолданылды. Топтың белсенді студенттері тәуелсіздік туралы ой-пікірлерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеткізді. Қойылған сұрақтарға белсенді жауап беру арқылы тәуелсіздік тарихы туралы терең білімдерін көрсете білді. Ұлттық рухымызды көтеретін патриоттық әндер шырқалды. Іс-шара соңы «Атамекен» патриоттық әнімен аяқталды.

Оқылды 49 рет
  • Қуандық Жанерке
    ҚТ-210

  • Крупко Альбина
    РУ-415

  • Аманбаева Нұржайна
    БК-405

  • Сундетбаева Аяжан
    ҚТ-320

  • Жақатай Азамат
    МК-315

  • Құлмырза Айзада
    БК-406

152

ОҚЫТУШЫ

1227

СТУДЕНТ

543

ТҮЛЕК

94

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс