Жұма, 07 Ақпан 2020 15:29

Жыл адамы-2019

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Жыл адамы-2019» байқауының қорытындысы жарияланды. Байқау жыл бойы кәсіби шеберлігі мен көшбасшылық қабілеті жоғары, ізденімпаз, жаңашыл, шығармашылықпен еңбек еткен, белгілі жетістіктерге ие болған тұлғаны анықтау мақсатында өткізілді.

 

Байқау 2 кезеңнен тұрды: бірінші кезеңде үміткерлер портфолиосын ұсынып, екінші кезеңде өздерінің жобаларын қорғады. Жоба қорғау кезеңі ашық түрде өтті, оған комиссия құрамынан басқа колледж оқытушылары мен қызметкерлердің қатысуына мүмкіндік берілді.

  

Комиссия мүшелері үміткерлердің жұмысын сараптай отырып, колледждің оқу- тәрбие саласының дамуына өзіндік үлес қосқан, ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада көшбасшы бола білген, ертеңгі мемлекеттің болмысы - бүгінгі ұстаздың тәліміне деген қағиданы берік ұстанған, бөлім студенттерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыруына аса мән беріп, шәкіртінің сенімін нығайтып, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыра алған, шығармашылықпен іздендіс жолында халықаралық, республикалық, облыстық дәрежеде жетістіктерге жеткізгені үшін «Математика және ақпараттық жүйелер» бөлімінің арнайы пән оқытушысы Майлышева Акмарал Маратовнаны «Жыл адамы-2019» деп таныды.

Оқылды 46 рет
  • Нағашыбай Айдана
    ШТ-205

  • Айбулова Ботагөз
    БК-205

  • Нысанова Жайна
    МД-315

  • Қуандық Жанерке
    ҚТ-210

  • Зубаха Анжела
    МД-401

  • Крупко Альбина
    РУ-415

152

ОҚЫТУШЫ

1227

СТУДЕНТ

543

ТҮЛЕК

94

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс