Дүйсенбі, 04 Қараша 2019 10:14

Ұстазды ұлықтау

2019 жылдың 31 қазан күні «Дирижерлау және дауыс қою», «Музыкалық аспаптар» және «Әлеуметтік мәдени қызмет және өнер» оқу әдістемелік бірлестіктерінің «Кәсіби білімділік,құзыреттілік және шеберлік» тақырыбында өткен мамандық онкүндігінің аясында музыка пәнінің оқытушылары Жақсыгүл Искакованың және Сайрагүл Кушкинбаеваның ұйымдастыруымен «Ұстазды ұлықтау» тақырыбында Мәлік Кусаинұлы Каликовтың зейнеткерлік жасқа толуына арналған кездесу кеші өткізілді.

Мақсаты:Білім алушыларды ұстазды құрметтеуге,сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру.Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

 

Кеш барысында, аға оқытушымыз Мәлік ағайдың өмірі және шығармашылығы жайлы айтылды. Сонымен қатар, Мәлік Кусаинұлының бірнеше жылдар бұрын бітіріп кеткен түлектері қонаққа келді. Түлектер өздерінің алғыстарын, ізгі тілектерін жаудыра отырып, жеткен жетістіктері туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, «Музыкалық білім беру» мамандығында оқып жатқан әр топтың білім алушылары жүрек жарды тілектерін айта отыра, өз өнерлерін көрсетті.

Шара соңында Мәлік ағай өз шәкірті Түйешев Нұрпейіспен бірге Құрманғазының «Адай» күйін нақышына келтіре орындаумен аяқтады.

Оқылды 35 рет
  • Танақұлов Әсет
    МК-415

  • Марат Көркем
    БК-406

  • Мухамбетиярова Жулдыз
    РУ-415

  • Айдилдаева Ғазиза
    ҚТ-410

  • Қалмен Мадина
    БК-405

  • Кощанова Гульжанат
    МК-305

152

ОҚЫТУШЫ

1227

СТУДЕНТ

543

ТҮЛЕК

94

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс