Бейсенбі, 25 Сәуір 2019 11:26

«Студент-Түлек-Маман» атты республикалық форум

Ағымдағы жылдың 23-24 сәуір аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Студент-Түлек-Маман» атты республикалық форум өтті. Форумға ЖОО білім алушылары, оқытушылары, НЗМ мұғалімдері, білім беру мекемелері мен өндіріс орындарының өкілдері сонымен қатар университет түлектері қатысты. Форум болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуының кепілі ретіндегі сапалы білім, өз бетінше ізденіс, ғылыми-зерттеу жобалары, тәжірибе тәлімдері, өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндіктері, жаңашылдық пен креативтік деңгейлерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған.
Жастар сарайындағы оқу орнының студенттік парламентімен ұйымдастырылған бағдарламада Ақтөбе гуманитарлық колледжінің білім алушылары түрлі ойындарға қатысып, сыйлықтар иеленді, фильм тамашалап форумға қызығушылықтары арта түсті. 

  


24-сәуір күні барлық қатысушылар алаңдар бойынша бөлініп, шеберлік кластарға, «Тепе-тең» диалогтарға қатысып, студенттік лига ойындарына көрермен болды. Сонымен қатар форум барысында қатысушылар «Үйрен-Бөліс» жобасымен танысып, білім берудегі жаңа ресурстар мен жаңа мүмкіндіктерді талдап, өндірістік тәжірибе ұйымдастырылуы, ғылыми-зерттеу жұмысына жас ғалымдарды тарту мәселелерін талқылады. Барлық қатысушылар Форум сертификаттарымен марапатталды.

Оқылды 683 рет
  • Жүсіпова Гаухар
    СБ-305

  • Байзылова Айгерим
    МК-315

  • Шаметова Гулден
    МК-305

  • Ібраш Айым
    БК-320

  • Танақұлов Әсет
    МК-415

  • Даутов Нұрқанат
    МК-415

152

ОҚЫТУШЫ

1227

СТУДЕНТ

543

ТҮЛЕК

94

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс