Ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Кәсіби шеберлік» мектебінің жоспарына сәйкес «Музыкалық аспаптар» оқу әдістемелік бірлестігінің музыка пәнінің оқытушылары Лариса Аббасова мен Элеонора Абишева «Полифониялық және гомофонды-гармониялық құрылымда жазылған шығармалармен жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында шебер-класс өткізді.

03 ақпан күні Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Өзін – өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы онкүндіктің ашылу салтанатын «Бастауыш білім беру» бөлімі оқытушылары өткізді.

Шараның мақсаты: оқушыларға кәсіптік бағдар беру, заман талабына сай мамандық таңдау мүмкіндіктерімен таныстыру.Кездесуге қаламыздағы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы, №35 және №36 орта мектебінің оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. «Бастауыш білім беру» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада оқытушылар мамандықтарға презентация жасап, болашақ талапкерлерге колледжге түсу тәртібі, талабы, оқу жүйесі және колледжде білім алудың тиімділігі жайлы мәлімет берсе, білім алушылар студенттік өмірдің жақсы жақтары мен мүмкіндіктері жөнінде, өздерінің колледжді не үшін таңдағандары туралы ойларымен бөлісті. Сондай- ақ мектеп оқушылары колледж туралы бейнебаян тамашалап, өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды. Кездесу соңында оқушылар арасында сауалнама жүргізіліп, тренинг ұйымдастырылды.

Кездесу кешіне бөлім оқытушылары, математика пәнінің мұғалімдері Ә.Кекілбаев атындағы №72 ІТ мектеп-лицейінен А.Сарсен, Н.Нажмадинова, Новый орта мектеп-лицейінен М.Майлық, Е.Адильбаев, №69 орта мектептен А.Убайтжанова, №18 орта мектептен Г.Кощанова, Ойыл ауданы Құрман орта мектебінен М.Есжанов, Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Ж.Телағыс, Ақтөбе облыстық статистика комитетінің маманы Н. Қосмамбетов және кешегі түлек бүгінгі колледж оқытушылары А.Самат, Б.Серікбай, З.Қайнарұлы, Е.Жомартов қатысып, студенттермен бүгінгі ұстаз бейнесі, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы математиканы оқыту әдістері туралы ой-пікірлерімен бөлісті.Түлектер колледж ұжымына, ұстаздарына ерекше ілтипаты мен ризашылықтарын білдірді.

Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020 08:47

BIZ BIRGEMIZ!

Ақтөбе облысының волонтерлар Ассоциациясы және "Leader-Q" Жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе гуманитарлық колледжі студенттерімен кездесу кеші өтті.

және оған жол бермеу» онкүндігі «Әдебиет және тілдер» бөлімінің ұйымдастыруымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу» онкүндігі аясында Ақтөбе қаласы Астана ауданының №1 ҚПБ ЖПҚ КІТЖ инспекторы, полиция капитаны Әбу Қуандық Есенұлымен Қт-105, Шт-105, Мк-215 топ студенттерінің кездесу кеші өтті.

Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020 08:39

Жаныңда жүр жақсы адам

Бүгін колледжімізде «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу» онкүндігі жәнежастардың рухани құндылықтарын арттыру мақсатында «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кездесу кеші өткізілді.Кездесу кешінің қонағы режиссер, театр өнері магистрі, «Ғажайып» оқушылар театрының жетекшісі Елтай Кемал мырза.

Ақтөбе гуманитарлық колледжінде «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу» онкүндігі аясында 30 қаңтар күні «Шанс» әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығымен кәмелетке толмаған студенттергеарналған дөңгелек үстел өтті.

Сәрсенбі, 19 Ақпан 2020 08:30

Біз біргеміз!

Волонтер жылында Президентіміз қолдаған #БізБіргеміз жалпыхалықтық челленджін колледж жастары - @jasaqtobe Ақтөбе облыстық жастар саясаты басқармасы мен @aktobejro жастар ресурстық орталықтарынан қабылдап, қаламыздың қарттарының ауласында бораннан жиналған қарды тазалап және қысқы отындарын жарып берді.

2020 жылдың 24 қаңтар күні әдістемелік бөлім және кәсіподақ ұйымымен кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, аудармашы Абай Құнанбаевтың–175 жылдығына орай, жас оқытушылардың «Абайды оқы, таңырқа...!» тақырыбында шығармашылық байқауы өтті.

23 января 2020 года согласно плану работы и традиционному укреплению социального партнёрства на базе Актюбинского гуманитарного колледжа состоялся областной семинар-практикум «Педагогический диалог: технологические приёмы формативного оценивания» с участием преподавателей русского языка и литературы колледжей г.Актобе, молодых специалистов - выпускников и студентов 3 курса группы Р-305 АГК.

Сенбі, 15 Ақпан 2020 06:52

БІЗ БІРГЕМІЗ

17 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен қабылданған 2020-Волонтерлар жылын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Ақтөбе облысының филиалында «Ашық есік күні» өтті.

Page 1 of 19
  • Байзылова Айгерим
    МК-315

  • Мухамбетиярова Жулдыз
    РУ-415

  • Крупко Альбина
    РУ-415

  • Мақатова Бақытгүл
    МД-415

  • Көлбаева Ақмарал
    ҚТ-320

  • Акбалаева Акмоншак
    МК-315

152

ОҚЫТУШЫ

1227

СТУДЕНТ

543

ТҮЛЕК

94

ҮЗДІК ДИПЛОМ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30 E-mail: aktobe_agk@mail.ru

Түлектермен байланыс