Жұма, 20 Қаңтар 2017 19:50

Бүгінгі колледж

2016-2017 оқу жылында Ақтөбе гуманитарлық колледжінде 157 педагог қызметкер еңбек етеді. Олардың құрамында: Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері – 1, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі – 2, магистрлер саны- 17. Сонымен қатар облыстық техникалық және кәсіптік оқу орнының үздік оқытушысы атағын иеленгендер саны – 12.

Ғылыми ізденуші-1, жоғарғы санатты оқытушылар саны-45, бірінші санатты оқытушылар саны-35.

Оқу орны соңғы жылдары өзінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. 2014-2015 оқу жылы жалпы білім беретін химия, физика пән кабинеттері заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Мультимедиялық-лингафондық кабинет ашылып, ағылшын тілі мамандарын даярлауға жаңаша талаптардың қойылуына жол ашты. 10 оқу кабинетіне жаңа интерактивті тақталар қондырылды.

2013 жылдан бастап колледж тарихынан сыр шертетін мұражай жұмыс жасайды. 2014 жылы салауатты өмір салтын жастар арасында насихаттау мақсатында тренажер залы ашылып, оқытушылар мен студенттер үшін қызмет етіп келеді.

Оқу орнының тарихынан сыр шертетін мұражай заман талабына сай материалдармен толықтырылып, 2013 жылы қайта ашылды.


Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев колледж мұражайымен танысу сәті


Жаңа компьютер, интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттер көрінісі


Заманауи талаптарға орай жабдықталған физика, химия және мультимедиялық-лингафондық кабинеттерде сабақтар өткізу бәсекеге қабілетті маман даярлауда айрықша әсер ететіні студенттеріміздің жеткен жетістіктерінен айқын көрінеді.


                     

 

Колледждің бүгінгі келбеті.

   


   


   


   

 

   


    

Ғылыми-шығармашылық орталығының жоспарына сәйкес «Жас ақындар»  үйірмесінің жетекшісі Акпатша Алдонгарова және  «Әбіш тағылымы» атты ғылыми шығармашылық  орталығының жетекшісі Ляззат Балгазиева Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған  «Аты абызға айналған Әбіш» атты  Әбіш оқуын ұйымдастырды. Кеште колледж жас ақындары Әбішке арнап өз туындыларын, ақынның өлеңдерін оқып, соңында ақындардың айтысымен аяқталды.

   

   

 

Ғылыми  шығармашылығы орталығының жоспарына сай  «Дирижерлау және дауыс қою», «Музыкалық аспаптар» оқу –әдістемелік бірлестігінің оқытушылары «Ақтөбе сазы»  атты портреттік кеш өткізді. «Әрбір өлкенің біртуар перзенті бар» деп елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай Ұлт тағдыры мен руханияттың сансыз дарын тұлғаны түлеткен байтақ даласына бақыт пен берекенің  табы кетпеген қасиетті Ақтөбе  топырағында туылған композиторларымыз туралы жасалған жұмыстарға,шығармашылық жетістіктерге есеп берілді.

   

Оқылды 1306 рет
  • Ғалламова Ақмарал
    МК-415

  • Унайбергенова Мадина
    БК-201

  • Ібраш Айым
    БК-320

  • Жүсіпова Гаухар
    СБ-305

  • Көлбаева Ақмарал
    ҚТ-320

  • Чернияз Гүлназ
    БК-405

29

МЕРЕКЕЛІК ШАРАЛАР

18

КОНФЕРЕНЦИЯ

45

ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

13

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ

Директор блогы

Құрметті талапкер! Сіз колледж директорына тікелей сұрақ қоя аласыз.

Толығырақ

Кері байланыс.

Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 73-ші үй Телефон номері: +7 /7132/ 56-02-30

Түлектермен байланыс